Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысы негізінде құрылып, 2019 жылғы 23 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелді. Кәсіпорын 16 «Облжоллаборатория» РММ-нің бірігуі жолымен құрылды.

Біздің миссиямыз: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жолдардың сапасын жақсарту.

Біздің құндылықтарымыз

  • Сапа және тиімділік
  • Жол қауіпсіздігі
  • Қызметтің ашықтығы
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Қызмет түрлері

  1. Автомобиль жолдарындағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу;
  2. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу;
  3. Автомобиль жолдарын диагностикалау және аспаптық тексеру;
  4. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін мониторингілеу;
  5. Жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді сүйемелдеу.

Біздің филиалдарымыз елдің барлық өңірлерінде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылған.