Ақаулары бар жолдарды пайдалануға беруге жол бермейтін норма өз тиімділігін растады
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 2025 жылы «Жұмыс және материалдар сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына» енгізген, Орталықдың жойылмаған ескертулері болған жағдайда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу объектілерін пайдалануға беруге тыйым салатын норма өз тиімділігін көрсетті.
Оны қолданудың бірінші жылының нәтижелері жол құрылысы сапасының артқанын және мердігер ұйымдардың жауапкершілігінің күшейгенін көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мердігерлер анықталған ақауларды жойып, жұмыстарды өз қаражаты есебінен 1 млрд теңге сомасына қайта жасады. Салыстыру үшін: 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,1 млрд теңге, ал 2024 жылы — 3,9 млрд теңге болды. Бұл ретте анықталған ақаулар облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жаңарту жобаларына тиесілі болды.
Қайта жасалған жұмыстар көлемінің айтарлықтай төмендеуі жолдарды салу кезеңінде бұзушылықтар мен ақаулар санының қысқарғанын көрсетеді. Мердігер ұйымдар технологиялық талаптарды сақтауға және орындалатын жұмыстардың сапасына көбірек көңіл бөле бастады, өйткені анықталған ескертулерді жоймайынша объектіні пайдалануға беру енді мүмкін емес.
Қолданыстағы Қағидалар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеудің барлық кезеңдерінде сапа сараптамасын жүргізуді көздейді. Бұл ретте объектіні қабылдау Жол активтері сапасының ұлттық орталығы анықтаған барлық ескертулер толық жойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Осылайша, норма ақаулары жойылмаған жолдарды пайдалануға берудің өзін мүмкін етпейді және мердігер ұйымдарға қолданыстағы шарттық міндеттемелер шеңберінде бұзушылықтарды жою үшін тікелей жауапкершілік жүктейді.